Hotpoint 7HPC 640T (AN) R/HA Mode d'emploi Page 20

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 24
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 19
! "Керек-жарақтар" орамасындағы ілмектерді қолданыңыз.
Плита ендірілген пеш үстіне орнатылмаған жағдайда, оқшаулау үшін
ағаш тақтаны орнату қажет. Оны плитаның астыңғы жағынан кем
дегенде 20 мм ара қашықтықта орналастыру керек.
Желдету
Тиісті желдетудің орнатылғанын тексеру үшін шкафтың артқы қабырғасын
алып тастау қажет. Пешті екі ағаш тақтайға немесе кемінде 45 x 560 мм
ашық тұрған тегіс жерде орналастыру ұсынылады (сызбаны қараңыз).
560 mm.
45 mm.
Егер пісіру панелі ешқандай салқындататын желдеткіші жоқ қосымша
берілген духовка шкафының үстіне орналастырылса ішкі асүй
элементінің ішін тиісті түрде желдету үшін арнайы ауа айналымын реттеу
үшін тесік жасау керек (Сызбаны қара).
Электр қуатына қосу
Үш полярлі желі кабелімен жабдықталған пісіру панелдері паспорттық
кестеде көрсетілген кернеумен және электр өткізгіш жиілігіне қарай
ауыспалы тоқта жұмыс істеуге есептелген (пісіру панелінің төменгі
жағында орналасқан).
Желі кабелінің жерге тұйықталу өткізгіші сары-жасыл түсті болады.
Пісіру панелін асүй элементіне қоса жасалған духовка шкафының
жоғарғы жағына орналастырылған жағдайда, пісіру панелі мен духовка
шкафының электр көзіне жалғау қауіпсіздік ережелеріне сәйкес және
духовка шкафын тез алу үшін бөлек-бөлек орналасуы керек.
Бұйымның желі шнурын электр өткізгіші желісіне жалғау
Электр қуаты кабеліне бұйымның паспорттық кестесінде көрсетілген
жүктемеге есептелген, нормаланған штепсельдік вилканы орнатыңыз.
Электр қуаты желісіне тікелей қосқан жағдайда, асүй пеші және желі
арасында байланыс арасы 3 мм минималдық арақашықтықтағы
мультиполярлі қосқышты орнату қажет, ол осы жүктеме есептелуі және
қолданыстағы нормативтерге сәйкес болуы керек (ажыратқыш жерге
тұйықтау сымына жанаспауы тиіс). Желі шнуры оның ешбір нүктесі жай
температурасынан 50°С аспайтындай температурада болатындай жерде
орналасуы керек.
! Электромонтер бұйымның тоқ көзіне дұрыс жалғануына және қауіпсіздік
ережелерінің сақталуына жауапкершілік алады.
Бұйымды электр тоғына қосар алдында мыналарды тексеріп алыңыз:
pозетка жерге тұйықталып, нормативтерге сәйкес жалғануы керек
желі розеткасы бұйымның паспортына көрсетілген максималдық қуат
қабылдау күшіне есептелуі тиіс;
желідегі тоқтың кернеуі мен жиілігі бұйымның электр мәліметтеріне
сәйкес болуы керек;
желілік розетка бұйымның штепсельді вилкасына сәйкес келуі
керек. Кері жағдайда, розетканы немесе вилканы ауыстырыңыз; тоқ
ұзартқыштар мен көп көзді тоқ көздерін қолданбаңыздар.
! Бұйым желі шнуры мен желі розеткасы қолжетімді жерде тұратындай
болып орналасуы керек.
! Бұйымның желі шнуры майысуына немесе бүктеліп тұруына болмайды.
! Күн сайын желі шнурын тексеріп тұрыңыз және қажет болған жағдайда
оны тек уәкілетті техник мамандарға ғана ауыстыртыңыз ехникалық
қызмет көрсетуді қара).
! Өндіруші жоғарыда аталған ережелер сақталмаған жағдайда барлық
жауапкершіліктен босатылады.
Газ құбырына қосу
Газ баллонына немесе газ құбырына қосу иілгіш резеңке немесе
болаттан жасалған шланг арқылы қолданыстағы елдің нормативтеріне
сәйкес, бұйымның осы пайдаланылатын газ түріне күйін қалай келтіруге
болатынына байланысты жүзеге асырылады (қақпақтағы күйге келтіру
этикетін қараңыз: кері жағдайда төмендегіге қараңыз). Баллондағы
сұйытылған газды пайдаланған жағдайда қысымды реттегіштерді
қолданыстағы елдің нормативтеріне сәйкес орнату керек. Газ түтігін
жалғауды жеңілдету бағытталған болып табылады: бұқтырмадағы
нығайтатын тежегіш гайканы әр жерінен ауыстырыңыз және қосымша
тығыздағыштарды ауыстырып тұрыңыз.
! Энергия қызметі сенімді болу, оны дұрыс қолдану үшін және бұйымды
ұзақ пайдаланам десеңіз, газды беру қысымы “Газ конфоркалары мен
форсункалары сипаты” кестесінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес
келуі керек.
Назар аударыңыз!: Қоспас бұрын газ плитасының құбырынан
тасымалдағыш бітеуішін алыңыз.
Тығыз трубка көмегімен жалғау (мыс және болат)
! Газ құбырына жалғау бұйымға ешқандай жүктеме түсірмеу керек.
Бұйымның газ келетін трубасында тығыздайтын төсемі қоса берілген,
бұралып тұратын “L” буыны бар. Егер буынды ауыстыру керек болған
жағдайда, оның тығыздау төсемін ауыстыру керек (бұйымға қоса
берілетін). Бұйымдағы газ келетін трубаның цилиндрлі түрдегі ішкі ½
газ қимасы болады.
Бұрандамен жалғанып, тегіс оралған, тот баспайтын болаттан
жасалған шланг арқылы газды қосу.
Бұйымдағы газ келетін трубаның цилиндрлі түрдегі ішкі ½ газ қимасы
болады.
Бұндай шлангілерді жалғағанда олардың максималдық жазылу ұзындығы
2000 мм аспауы керек. Оларды жалғап болғаннан кейін, металлдан
жасалған иілгіш шланг қозғалмалы заттарға тимей тұруын және бүктеліп
қалмауын тексеріп алыңыз.
Нормативтерге сәйкес трубкаларды, сол елдің мемлекеттік
нормативтеріне сәйкес келетін тығыздағыш төсемдерді пайдалану керек.
Тығыздығын тексеру
! Жалғауды аяқтағаннан кейін, барлық түтіктердің тығыздық беріктігін
сабын ерітіндісінің көмегімен тексеріңіз, бірақ отпен тексермеңіз.
20
KZ
Vue de la page 19
1 2 ... 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire