Hotpoint HS MC 07A Z O Mode d'emploi Page 65

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 88
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 64
65
it
65
kz
3. Шаң сауытының тұтқасынан (8) ұстап тұрып,
шаң сауыты жинағын орнына түскенше (А)
суретінде көрсетілгендей орнатыңыз.
4. Түтік тұтқасын (19) негізгі корпустағы орнына
түскенше орнатыңыз. Тұтқаны шешіп алу
үшін тұтқаны босату түймесін (31) басып, оны
шығарып алыңыз.
5. Пластмассалық иілгіш түтікті (25) сору кірісіне
(29) (В) суретінде көрсетілгендей орнына
түскенше кіргізіп бекітіңіз. Оны шешіп алу үшін
пластмассалық иілгіш түтікті босату түймесін
(26) басып, шығарып алыңыз. Пластмассалық
иілгіш түтікті қысқышқа (17) салыңыз.
6. Екі функциялы керек-жарақты (24)
тұтқаны салатын қысқышқа (18) суретте
көрсетілгендей орнатыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Шаңсорғышты сүзгілерін немесе шаң контейнерін
салмай қолданбаңыз, себебі құрылғы зақымдалуы
мүмкін.
1. Құрылғыны іске қоспас бұрын қуат кабелін
толығымен шығарып алған жөн. Қуат кабелін
(23) жазу және орау үшін орау ілмегін (21, 22)
180 градусқа бұраңыз, құрылғыны С суретінде
көрсетілгендей розеткаға қосыңыз (220/240 В).
2. Щетка индикаторындағы (28) сырғитын
тұтқаны негізгі корпустың артқы жағына
орналастырыңыз (D).
3. Іске қосу/тоқтату түймесін (32) басыңыз және
құрылғыны іске қосу үшін электрондық қуат
реттегішін (33) басыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
1. Электр жетегі бар щетка*
2. Электр жетегі бар щетка жалғағышы*
3. Щетка ролигінің қақпағы*
4. Ультракүлгін жарық*
5. Негізгі корпус
6. Шаң сауытын босату түймесі
7. Шаң сауыты жинағы
8. Шаң сауытының тұтқасы
9. Сүзгі қақпағы
10. Hepa сүзгісі
11. Мотор қақпағы
12. Жоғарғы мультициклон
13. Мультициклондық сүзгі
14. Төменгі мультициклон
15. Шаң сауытының контейнері
16. Шаң сауытының қақпағы
17. Қысқыш
18. Тұтқа салынатын қысқыш
19. Түтік тұтқасы
20. Тұтқа сабы
21. Орауыш ілмек*
22. Орауыш ілмек*
23. Қуат кабелі*
24. Екі функциялы керек-жарақ* (жіңішке ұш/нәзік
беттерге арналған ұш)
25. Пластмассалық иілгіш түтік
26. Пластмассалық иілгіш түтікті босату түймесі
27. Сырғитын тұтқа керек-жарағының
индикаторы*
28. Сырғитын тұтқа щеткасының индикаторы*
29. Сору кірісі
30. Щетканы босату түймесі
31. Тұтқаны босату түймесі
32. Іске қосу/тоқтату түймесі
33. Электрондық қуат реттегіші*
34. Терең тазалауға арналған қосымша ролик*
* кейбір модельдерде ғана
КІРІСПЕ
Мультициклондық шаңсорғыш тұтқасын
сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны
таңдадыңыз. Hotpoint тұтынушылар
қызметі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді
толығымен пайдалану үшін бұл өнімді
www.hotpoint.co.uk сайтында тіркеген жөн.
Мультициклондық шаңсорғышта тиімділік пен
эргономика біріктірілген. Тиімділігі жоғары жаңа
моторлар аз қуат тұтынып, оңтайлы тиімділікті
қамтамасыз етеді.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС
БҰРЫН
Құрастыру (А, В)
1. Электр жетегі бар щетканы (1) суретте
көрсетілген бағытқа сәйкес жерге қойыңыз
да, оны негізгі корпустың (5) төменгі
бөлігіне қыстыру арқылы бекітіңіз. Щетка
жалғағышының (2) артында көрсетілген
кернеу негізгі корпустың артында көрсетілген
кернеумен бірдей екенін ескеріңіз. Электр
жетегі бар щетканы шешіп алу үшін, артқы
жақтағы щетканы босату түймесін (30) басып,
негізгі корпусты суретте көрсетілгендей тігінен
шығарып алыңыз (A).
2. Шаң сауыты жинағын (7) шешіп алу үшін,
шаң сауытын босату түймесін (6) басып, оны
суырыңыз.
Vue de la page 64
1 2 ... 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 ... 87 88

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire