Hotpoint HS MC 07A Z O Mode d'emploi Page 68

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 88
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 67
68
it
68
kz
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз өз тұтынушыларымызға қызмет көрсетеміз және
сервистік қызметті жоғары деңгейде ұсынуға тырысамыз.
Сізге құрылғымен оңай және қолайлы жұмыс жасауға
мүмкіндік беру үшін өз өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп
отыруға тырысамыз.
Құрылғыға күтім көрсету
Құрылғыға күтім көрсетуге арналған Hotpoint Ari-
ston ұсынатын құрылғының Professional кәсіби
бұйымдарының желісі құрылғының қолданыс
мерзімін ұзартады және оның сынып қалу қаупін
азайтады.
Professional кәсіби бұйымдарының желісі
құрылғыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып
жасалған. Өнімдер сапа, экология және қолдану
қауіпсіздігі бойынша Еуропалық жоғары
стандарттарды қатаң сақтай отырып Италияда
жасалған. Толық ақпаратты www.hotpoint-ariston.
ru веб-сайтының “Қызмет көрсету” бөлімінен
қараңыз және қалаңыздағы дүкендерден
сұраңыз.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары
Өз тұтынушыларымызға жақынырақ болу үшін шебер
мамандарының жоғары деңгейдегі кәсіби дайындығы
мен әділдігімен ерекшеленетін қызмет көрсету желілерін
қалыптастырдық.
Ақау пайда болған жағдайда
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында,
ақаулықты өзіңіз түзетіп көруге тырысыңыз (“Ақаулықтар
және оларды түзету жолдары” тарауын қараңыз).
Қызмет көрсету орталығына кепілдік құжатында
көрсетілген телефон нөмірімен хабарласуға болады.
! Біз уәкілетті қызмет көрсету орталықтарына ғана
хабарласуды ұсынамыз
! Жөндеу жұмыстарын іске асырған кезде фирмалық
бөлшектерді ғана қолдануын талап етіңіз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласар алдында
келесі мәліметтерді беруге дайын екеніңізді тексеріп
алыңыз:
Ақаулық түрін сипаттау;
Кепілдік құжатының нөмірі (қызмет көрсету
кітапшасы, қызмет көрсету сертификаты т.с.с.);
Құрылғының ақпарат тақтайшасында немесе
кепілдік құжатында көрсетілген құрылғының моделі
және сериялық нөмірі (S/N);
Құрылғының сатылған ай-күні
Басқа пайдалы ақпарат пен жаңалықтарды www.hotpoint-
ariston.ru веб-сайтының «Қызмет көрсету» тарауынан
көре аласыз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Қаптама материалының 100% қайта
өңдеуге болады және ол қайта өңдеу
таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан
қаптаманың әр түрлі бөліктерін
тастағанда жауапкершілік танытып,
қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың
ережелерін ұстану қажет.
ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ
ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын
немесе қайта қолдануға болатын
материалдардан жасалған. Оны қоқыс
тастауға қатысты жергілікті ережелерге
сәйкес тастаңыз. Тұрмыстық электр
құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру
және қайта өңдеу туралы қосымша
ақпарат алу үшін, жергілікті органға, тұрмыстық
қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе
құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз. Бұл
құрылғы электр және электрондық құрылғылардың
(WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU
Еуропа директивасына сәйкес белгіленген. Осы
өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы
қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін
кері әсерінің алдын алуға көмектесесіз. Өнімдегі
немесе ілеспе құжаттамадағы (*) таңбасы бұл өнім
кәдімгі тұрмыстық қоқыс сияқты тасталмай, электр
және электрондық жабдықты қайта өңдеумен
айналысатын тиісті жинау орталығына тапсырылуы
тиіс екенін білдіреді.
Ешбір орама материалы
тағамға тимеуі керек.
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ
Бұл құрылғы Еуропаның №666/2013, №665/2013
нормативтерінің Экологиялық дизайн талаптарына
сай келеді.
Шаңсорғыш қолданысы қатты беттер мен
кілемде (жалпы мақсаттағы қолданыс) тексеріліп,
төмендегі негізгі Еуропа нормативтеріне сәйкес
келетіні расталған:
EN 60312-1;
EN 60704-1;
EN 60704-2-1
Vue de la page 67
1 2 ... 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 ... 87 88

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire