Hotpoint OL 1038 LI RFH (DS) Mode d'emploi Page 30

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 29
30
KZ
(мысалы: пісіру режимі 20:30-да басталуға бағдарламаланған. 19:30-да
ток өшіп қалады. Қуат қайтадан берілгенде режимді қайта бағдарламалау
қажет болады).
!
БАРБЕКЮ
(BARBECUE) режимінде алдын ала қыздыру
кезеңі жоқ.
! Ешқашан пештің астыңғы жағына зат қоймаңыз, бұл эмальді қабатты
зақымдайды.
! Әрқашан асхана ыдыстарын берілген тартпа(лар)ға қойыңыз.
Салқындату желдеткіші
Пештің сыртқы температурасын салқындату үшін салқындату
желдеткіші басқару тақтасы мен пеш есігінің арасында, сондай-ақ, пеш
есігінің астына қарай салқын ауа ағынын өткізеді.
! Тағам дайын болғаннан кейін де пеш толық салқындағанша желдеткіш
жұмыс істеп тұрады.
Пештің шамдары
Пеш есігі ашылғанда немесе пісіру режимі басталғанда шам жанады.
түймесімен шамды кез келген уақытта қосуға болады.
Қалған қызу көрсеткіштері
Құрылғы қалған қызу көрсеткішімен жабдықталған. Пеш өшіп тұрғанда,
пештің ішіндегі жоғары температураны көрсету үшін дисплейде “қалған
қызу” жолағы жанады. Жолақтың бөліктері пеш ішіндегі температура
азайғанда бір-бірден өшеді.
Demo режимі
Пеш DEMO режимінде жұмыс істей алады: барлық қыздырғыш
элементтер ажыратылады, ал басқару элементтері жұмыс істейді.
DEMO режимін қосу үшін түймесін басыңыз, одан кейін және
түймелерін 6 секунд бойы басып жіберіңіз және одан кейін түймесін
басыңыз. Дыбыстық белгі естіледі де, ТЕМПЕРАТУРА дисплейінде “dEon”
сөзі шығады.
DEMO режимін өшіру үшін, пеш өшіп тұрғанда және түймелерін
бір уақытта 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Дыбыстық белгі естіледі
де, “dEoF” хабары дисплейден ғайып болады.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
Пайдаланушы таңдауларының барлығын (сағат және өзгертілген
ұзақтықтар) бастапқы қалпына келтіру үшін пештің зауыттық
параметрлерін қалпына келтіруге болады. Қалпына келтіруді орындау
үшін пешті өшіріңіз, одан кейін бірінші қолмен пісіру режиміне сәйкес
келетін түймені (жоғарғы сол жақ) және түймесін бір уақытта басып,
6 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Қалпына келтіру процедурасы аяқталған
кезде сигнал беріледі. түймесі алғаш рет басылғанда пеш бірінші
рет қосылғандай әрекет етеді.
Күту режимі
Бұл өнім күту режимінде қуат тұтынуды шектеуге қатысты соңғы Еуропалық
Директиваның талаптарына сәйкес келеді. 30 секунд ішінде ешбір түйме
басылмаса және басқару тақтасы/есік құлпы қосылмаған болса, құрылғы
күту режиміне автоматты түрде өтеді. Жарықтығы жоғары “Сағат түймесі”
шамы күту режимін білдіреді. Құрылғыны қайта қолдана бастағанда
жүйенің жұмыс режимі қалпына келеді.
Тағам дайындау режимдері
! Тағамдардың жұмсақ әрі қытырлақ болуын қамтамасыз ету үшін пеш
су буы түрінде тағамның ішінде болатын ылғалдылықты шығарады.
Осылайша, барлық тағам түрлері үшін оңтайлы пісіру нәтижелеріне қол
жеткізуге болады.
! Пеш қосылған кезде, ол бірінші қолмен пісіру режимін ұсынады
Қолмен пісіру режимдері
!
Барлық тағам дайындау режимдерінің әдепкі орнатылған пісіру
температурасы бар, оны 30°C пен 250°C аралығында қолдан реттеуге
болады (GRILL (ГРИЛЬ) режимі үшін 300 °С). Кез келген температура
өзгерістері құрылғы жадында сақталады және бұл режим қолданылған
келесі кезде ұсынылады. Таңдалған температура пеш ішіндегі
температурадан төмен болса, ТЕМПЕРАТУРА дисплейінде “Hot” сөзі
көрсетіледі. Дегенмен, пісіруді бастау мүмкін болады.
MULTILEVEL (КӨПДЕҢГЕЙЛІ) режимі
Барлық қыздыру элементтері мен желдеткіш іске қосылады. Пештің қызуы
тұрақты болғанда ауа тағамды біркелкі қызартып пісіреді. Бір уақытта ең
көбі екі тартпаны пайдалануға болады.
BARBECUE (БАРБЕКЮ) режимі
Үстіңгі қыздыру элементі мен бұрылмалы істік (егер болса)
іске қосылады. Грильдің жоғарғы және тіке температурасы
қабаттың жоғарғы температурасын қажет ететін тағамдар
үшін ұсынылады. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі
әрдайым жабық тұруы қажет (“Тағам дайындау бойынша
кеңес” бөлімін қараңыз).
FAN GRILLING (ЖЕЛДЕТКІШІ БАР ГРИЛЬ) режимі
Жоғарғы қыздыру элементі мен гриль-бар істігі ар болса) іске қосылады
да, желдеткіш жұмыс істей бастайды. Айналу кезінде айналдырып
қыздыру элементі де іске қосылады. Осы мүмкіндіктердің жиыны пештің
күшейтілген ауа айналымы мен қыздыру элементі арқылы берілетін бір
бағыттағы жылу бөлу тиімділігін арттырады. Бұл тағамның күйіп кетуін
болдырмауға көмектеседі және жылудың тағамның ішкі жағына енуіне
мүмкіндік береді. Бұл режим пайдаланылғанда пештің есігі әрдайым
жабық тұруы қажет (“Тағам дайындау бойынша кеңес” бөлімін қараңыз).
LOW TEMPERATURE (ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА) режимі
Пісірудің бұл түрі тексеру, йогурт дайындау, қажетті уақытта тамақты
ысыту және төменгі температурада ақырын ас пісіру үшін қолданылады.
Температураның опциялары: 40, 65 және 90°C.
PIZZA (ПИЦЦА) режимдері
Үстіңгі және айналмалы қыздыру элементтері қосылады және желдеткіш
жұмыс істей бастайды. Мұның нәтижесінде пеш жылдам қызады. Бір
жолда бірден көп тартпа қолданылатын болса, тағам дайындау үрдісінің
ортасында табақтардың орындарын алмастырыңыз.
BAKING (ПІСІРУ) режимі
Артқы қыздыру элементі және желдеткіш іске қосылып, жылудың бүкіл
пешке жұмсақ әрі біркелкі түрде таралуын қамтамасыз етеді. Бұл режим
температураға сезімтал болатын тағамдарды (мысалы, көтерілуді қажет
ететін торт сияқты тағамдар) дайындауға арналған.
Vue de la page 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire