Hotpoint OL 1038 LI RFH (DS) Mode d'emploi Page 31

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 30
KZ
31
ЭКО режимі
Артқы жылыту элементі қосылған және желдеткіш жұмыс істей бастайды,
пештің ішінде тегіс және қолайлы жылыту деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл бағдарлама температурасы ең көп 200°C-қа дейін орнатылатын
тағам түрлерін баяу пісіруге арналады; оған қоса, бағдарлама тағамды
жылыту және пісіру үрдісін аяқтау үшін қолайлы.
Бағдарлама әсіресе ет және балықты баяу пісіру үшін ыңғайлы,
бағдарлама бір уақытта етті жұмсақ етіп пісіруге және қуатты үнемдеуге
мүмкіндік береді. Құрылғы қосулы кезде жақсы энергия тиімділігі алу
үшін шам 30 секунд бойы жанып тұрады; шамды қайта қосу үшін “
” түймешігін басыңыз
Автоматты пісіру режимдері
! Температура мен пісіру ұзақтығы алдын ала орнатылған мәндер,
олар әрқашан да автоматты түрде тамаша нәтиже алатыныңызға
кепілдік береді. Бұл мәндер C.O.P(Бағдарламаланған оңтайлы
пісіру) жүйесін пайдалану арқылы реттеледі. Пісіру үрдісі автоматты
түрде тоқтап, пеш тамақтың піскенін көрсетеді. Пештің алдын ала
қыздырылғанына, әлде қыздырылмағанына қарамай, пісіруге кірісуіңізге
болады. Пісіру басталмас бұрын, таңдалған бағдарламаға байланысты
тиісті мәнді ±5/20 минутқа өзгерту арқылы пісіру ұзақтығын жеке
қалауға сәйкес реттеуге болады. Дегенмен, пісіру басталғаннан кейін
де ұзақтықты өзгертуге болады. Мән бағдарлама басталмас бұрын
өзгертілсе, ол жадқа сақталып, бағдарлама келесі кезде қолданылғанда
құрылғы оны ұсынады. Пеш ішіндегі температура таңдалған режим
үшін ұсынылатын мәннен жоғары болса, ТЕМПЕРАТУРА дисплейінде
«Hot» жазуы көрсетіледі және пісіруді бастау мүмкін болмайды; пештің
салқындауын күтіңіз.
! Пісіру сатысына жеткен кезде, пештің дыбыстық белгісі естіледі.
! Пештің есігін ашпаңыз, себебі бұл пісіру уақыты мен температураны
бұзуы мүмкін.
BEEF (СИЫР ЕТІ) режимі
Сиыр етін, шошқа етін және қой етін пісіру үшін осы функцияны
пайдаланыңыз. Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз. Тамақты
алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
FISH FILLETS (БАЛЫҚ ФИЛЕСІ) режимі
Бұл функция кіші және орташа көлемді филелерді пісіруге қолайлы.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) режимі
Бұл функцияны нан пісіру үшін пайдаланыңыз. Барынша жақсы нәтижеге
жету үшін төмендегі нұсқауларды мұқият орындауға кеңес береміз:
рецепт бойынша жасаңыз;
тұтқалы табаның ең үлкен салмағынан асырмаңыз;
5-ші позициядағы нан пісіретін науаға 50 г (0,5 дл) суық су құюды
ұмытпаңыз.
Қамырды бөлме температурасында көтерілгенше 1 1 ½ сағат
(бөлменің температурасына қарай) немесе қамырдың көлемі екі есе
үлкейгенше қалдырыңыз.
НАННЫҢ рецепті:
Ең көбі 1000 грамға арналған 1 тұтқалы таба, төмен деңгей
Ең көбі 1000 грамға арналған 2 тұтқалы таба, ортаңғы және төмен
деңгейлер
1000 г қамырға арналған рецепт: 600 г ұн, 360 г су, 11 г тұз, 25 г табиғи
ашытқы (немесе 2 қалта ашытқы ұнтағы)
Дайындау әдісі:
Ұн мен тұзды үлкен кеседе араластырыңыз.
Ашытқыны жылымшы суға (шамамен 35 градус) ерітіңіз.
Үйілген ұнның ортасында кішкене ойық жасаңыз.
Су мен ашытқы қоспасын құйыңыз.
Қамырды алақанмен созып, өзіне-өзін бүктеу арқылы ол
біртекті болып, жабысқақтығы кеткенше 10 минут илеңіз.
Қамырды домалақтап, үлкен тегенеге салыңыз да, қамыр
кеуіп кетпеу үшін бетін мөлдір пластмасса орағышпен
жабыңыз. Пеште қолдан ТӨМЕН ТЕМПЕРАТУРА (LOW
TEMPERATURE) функциясын таңдаңыз да, температураны
40°C етіп орнатыңыз. Тегешті пештің ішіне қойып, көтерілу
үшін шамамен 1 сағат қалдырыңыз (қамырдың көлемі екі
есе үлкеюге тиіс).
Қамырды мөлшері бірдей бөлкелерге бөліңіз.
Оларды нан пісіретін қағаздың үстіне, тұтқалы табаға салыңыз.
Бөлкелердің бетіне ұн себіңіз.
Бөлкелердің бетінде тіліктер жасаңыз.
Тамақты қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
BREAD (НАН) пісіру режимін іске қосыңыз.
Піскеннен кейін бөлкелерді гриль сөрелерінің бірінде әбден суығанша
қалдырыңыз.
BAKED CAKES (ПІСІРІЛГЕН БӘЛІШ) режимі
Бұл функция табиғи ашытқы, қопсытқыш қосылып дайындалатын
тәттілерді, сондай-ақ ашытқысыз дайындалатын тәттілерді пісіру үшін
тамаша жарайды. Тамақты пешке ол әлі қызбаған кезде салыңыз.
Тамақты алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
TARTS (БӘЛІШ) режимі
Бұл функция барлық бәліш рецепттері үшін қолайлы
(оларды әдетте астынан жақсылап қыздыру керек). Тамақты
қыздырылмаған пештің ішіне салыңыз.
Тамақты алдын ала қыздырылған пешке де салуға болады.
Пісіруді бағдарламалау
! Тағам дайындау режимі бағдарламалау басталардан бұрын таңдалуға
тиіс.
! Пісіру режимі таңдалғаннан кейін түймесі қосылады; ұзақтықты
бағдарламалау мүмкін болады. түймесі тек ұзақтық орнатылғаннан
кейін іске қосылады; одан кейін кешіктіріп бастауды бағдарламалау
мүмкін болады.
Пісіру ұзақтығын бағдарламалау
1. түймесін басыңыз; түймесі және УАҚЫТ (TIME) бейнебетіндегі
сандар жыпылықтайды.
2. “ және түймелерінің көмегімен ұзақтықты орнатыңыз.
3. Қажетті ұзақтыққа жеткенде түймесін қайтадан басыңыз.
4. Пісіруді бастау үшін түймесін басыңыз.
5. Пісіру аяқталғанда ТЕМПЕРАТУРА (TEMPERATURE) дисплейінде
“END” жазуы пайда болады да, дыбыстық белгі естіледі.
Мысалы: қазір сағат 9:00 делік және уақыт 1 сағат 15 минутқа
орнатылсын. Бағдарлама сағат 10:15 болғанда автоматты түрде
тоқтайды.
Пісіруді кідіртуді бағдарламалау
! Пісірудің аяқталу уақыты белгіленбей тұрып, пісіру ұзақтығын орнату
Vue de la page 30
1 2 ... 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire