Hotpoint MWHA 33343 B Mode d'emploi Page 14

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 24
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 13
AUTO DEFROST (АВТОМАТТЫ
ЕРІТУ)
Бұл функция тағамды автоматты түрде жылдам
ерітуге мүмкіндік береді.
Бұл функцияны етті, үй құсын, балықты,
көкөністерді немесе нанды еріту үшін
пайдаланыңыз.
1. Auto Defrost (Авто еріту) түймесін басыңыз .
2. Айналмалы тұтқаны тамақ түрін таңдау үшін
бұрыңыз (төмендегі кестені қараңыз) жəне
растау үшін Confi rmation (Растау) түймесін
басыңыз.
3. Айналмалы тұтқаны бұрып тамақ салмағын
ерітуге орнатыңыз жəне растау үшін Confi r-
mation (Растау) түймесін басыңыз.
4. Confi rmation (Растау)/Start (Іске қосу)
түймесін басыңыз. Функция іске қосылады.
ТАМАҚ САНАТЫ САЛМАҒЫ
1 Ет 100 г - 2 кг
2 Тауық 100 г - 2 кг
3 Балық 100 г - 2 кг
4 Көкөністер 100 г - 2 кг
5 Нан 100 г - 2 кг
Кеңестер мен ұсыныстар:
Үздік нəтижеге қол жеткізу үшін, өнімді
тікелей əйнек айналдыратын науаға
еріту ұсынылады. Егер қажет болса,
микротолқынды пеш үшін жарамды
жеңіл пластиктен жасалған контейнерді
пайдалануға болады.
Осы кестеде тізімделмеген тамақтар үшін
жəне ұсынылған салмақтан аз немесе көп
болса, Microwave (Микротолқын) функциясын
160 Вт мəнінде пайдалану қажет.
Егер тағам мұздату температурасынан
(-18°C), жылы болса, тағамның азырақ
салмағын таңдаңыз.
Егер тағам мұздату температурасынан
(-18°C), суық болса, тағамның көбірек
салмағын таңдаңыз.
Суға пісірілген тағам, бұқтырылған ет жəне
ет тұздықтары еріту кезінде араластырылса,
жақсы ериді.
Бəліштер немесе кекстер сияқты шағын
тамақтарды пісірген кезде қытырлақ
қабықшаға арналған тəрелкені пісіру
тəрелкесі ретінде пайдаланыңыз. Тəрелкені
төменгі торға қойыңыз.
AUTO REHEAT (АВТО
ҚЫЗДЫРУ)
Бұл функция тағамды автоматты түрде қайта
жылытуға мүмкіндік береді. Микротолқынды
пеш ең жақсы мүмкін нəтижені ең қысқа уақытта
алу үшін қажет микротолқын қуатының деңгейін
автоматты түрде есептейді
Бұл функцияны қатырылған, салқындатылған
немесе бөлме температурасындағы дайын
тамақты қыздыру үшін пайдаланыңыз.
Тағамды микротолқынға жəне қызуға берік
тəрелкеге не ыдысқа салыңыз.
Ұсынылатын
аксессуар:
Тəрелке қақпағы
(бөлек
сатылады)
1. Auto Reheat (Авто қыздыру) түймесін
басыңыз. Дисплейде «Heat (Қыздыру)» мəтіні
көрсетіледі.
2. Confi rmation (Растау)/Start (Іске қосу)
түймесін басыңыз. Функция іске қосылады.
Кеңестер мен ұсыныстар:
Бұл функцияны пайдаланғанда таза
салмақты 250 г - 600 г аралығында сақтау
керек.
Ең жақсы нəтижені алу үшін бұл
функцияны пайдалану алдында пеш бөлме
температурасында екеніне көз жеткізіңіз.
Жұқа, қою тағамды тəрелкенің сыртына
қойып, жіңішке не қоюлығы азырақ тағамды
ортасына қойыңыз.
Еттің жіңішке кесіктерін бір-бірінің үстіне
қойыңыз немесе оларды кезектестіріп
қойыңыз.
Ет тілімі жəне сосискалар сияқты қалыңырақ
бөліктерді бір біріне жақын орналастыру
керек.
Қайта жылытылған тағамды беру алдында
1-2 минут күту, əсіресе мұздатылған тағам
үшін нəтижелерді жақсартады.
Тамақ дайындау барысында бу
жиналғандықтан, қысымды босату жəне
жарылуды болдырмау үшін, пластик
фольганы шанышқымен кесу не тесу керек.
1414
kz
Vue de la page 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 23 24

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire