Hotpoint GPL 64L CI RFH Mode d'emploi Page 26

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 28
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 25
26
KZ
Бұйымның вилкасын тоқ көзінен суыру үшін желі шнурынан тартпаңыз,
вилканың өзінен ұстап суырыңыз.
Бұйымның тазалау немесе техникалық жұмыстар жасау үшін
штепсельді вилканы тоқ көзінен суырыңыз.
Жөнделмейтін жағдайда, бұйымның ішкі мехнанизмдерін өз бетінше
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ашуға тыйым салынады. Техникалық
қызмет көрсету орталықтарына хабарласыңыздар ехникалық
қызмет көрсетуді қара).
Духовка шкафының ашық тұрған есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
Пісіру панеліндегі кастрөл тұтқалары сіздің байқаусызда қолыңыз тиіп
кетпейтіндей болып тұруын қадағалаңыз.
Егер газ және электр конфоркалары ыстық болып тұрса, пісіру
панелінің шыны қақпағын (егер ол болса) жаппаңыз.
Ыстыққа шыдамсыз ыдысты пайдаланбаңыз.
Жою
Орауыш материалды жойған кезде: орауышты қайта пайдалануға
болатындай етіп жергілікті заңнаманы ұстаныңыз.
Жарамсыз электрлік және электрондық жабдық бойынша (WEEE)
2002/19/EU Еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды
қалыпты сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс құбырына жоюды талап
етеді. Ескі құрылғылар ішіндегі материалдардың қалпына келтірілуін
және қайта өңделуін оңтайландыру және адам денсаулығы мен
қоршаған ортағы әсерін азауту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау
ұсынылады. Өнімдегі үсті сызылған «қоқыс себеті» белгісі құрылғыны
жойған кезде бөлек жинау қажеттілігі туралы ескертеді.
Тұтынушылар өзінің ескі құрылғыларын жою туралы мәліметтер алу
үшін жергілікті үкіметке не делдалға хабарласуы керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын
кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз
дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.
Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.
Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам
дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам
қайнатқышты қолданыңыз.
Тасымалдау және сақтау.
Пісіргіш панельдерін түпнұсқа орауыш ішінде көлденең күйде
тасымалдау керек.
Тасымалдау және сақтау кезінде пісіргіш панельдерін атмосфералық
әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.
Панельді жылытылмаған бөлмеде минус 50°С және плюс 40°С
температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек.
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
! Дақ кетіргіштер, тат кетіргіштер, ұнтақ тазартқыш заттар немесе қырғыш
беттері бар губкалар сияқты қырғыш немесе таттандыратын тазартқыш
заттарды пайдаланбаңыз. олар құрылғы беттерін біржола сызып тастауы
мүмкін.
! Құрылғыны ешқашан бу тазартқышымен немесе шаңсорғышпен
тазаламаңыз.
Әдетте, плитаны дымқыл губкамен жуып, сорғыш ас үй сүлгісімен
құрғату жеткілікті.
Оттықтардың алынбалы бөлшектерін жылы сабынды сумен жиі жуып,
күйіп қалған заттарды алып тастап тұру қажет.
Автоматты түрде жанатын плиталарда электрондық шапшаң тұтату
құралының ұшын жиі тазалап, газ шығатын тесіктердің бітеліп
қалмауын тексеріп отыру қажет.
Тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектерде, егер олар ұзақ
уақыт сумен басқа да сұйықтықпен араласып қалып қоятын болса
дақтар пайда болуы мүмкін. Оны тазартқаннан кейін жуғыш құралдың
(құрамында фосфор бар) қалдықтарын дымқыл шүберекпен сүртіп
кептіру керек. Сонымен қатар аққан суды тез арада тоқтату керек.
! Конфорка беткейін тазалау үшін торды алып тастау қажеттілігі жоқ.
Тірек жүйесінің көмегімен, торды көтеріңіз және ұстап тұрыңыз немесе
оларды барынша артқы қабырғаға шалқайтыңыз.
Ыстық торды әйнек қақпақ беткейіне қоймаңыз (егер ондай
болса), олай болмаған жағдайда резеңке тығындарды зақымдап
алуыңыз мүмкін.
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру қиындауы мүмкін.
Бұл жағдай орын алса, шүмекті ауыстыру қажет.
! Бұл рәсімді өндіруші өкілет берген білікті маман орындауы тиіс
Ақаулықтарды жою
Пісіргіш панель жұмыс істемей қалып не нашар істеуі мүмкін. Қызмет
көрсету орталығына хабарласу алдында өзіңіз орындай алатын
әрекеттерді қарастырайық. Алдымен, энергия мен газбен жабдықтау
жүйесінде ажыраулардың жоқ, әсіресе панельдің газ шүмектері ашық
екендігіне көз жеткізіңіз.
Жанарғы жанбайды немесе жалын әркелкі.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Жанарғының газ шығару саңылаулары бітелмеген.
Жанарғының барлық жылжымалы бөлшектері дұрыс орнатылған.
Панельдің жанында өтпе жел жоқ.
Қауіпсіздік құрылғысы бар нұсқаларда жалын өшеді.
Төмендегілерге көз жеткізіңіз:
Тұтқаны шегіне дейін бастыңыз.
Тұтқаны қауіпсіздік құрылғысын белсендіру үшін жеткілікті уақыт ішінде
шегіне дейін бастыңыз.
Сақтандырғыш орналасқан жердегі газ шығару саңылаулары
бұғатталмаған.
Vue de la page 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire