Hotpoint HS MC 07A Z O Mode d'emploi Page 66

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 88
  • Table des matières
  • DEPANNAGE
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 65
66
it
66
kz
4. Сору қуаты әдепкі мәні бойынша орташа
қарқындылыққа орнатылады, сору
қарқындылығын қолмен таңдау үшін
электрондық қуат реттегішін (33) басыңыз.
Зақым келтірмеу үшін перде, мата, жастық сияқты
нәзік заттарды тазалаған кезде төмен сору күшін
қолдануды ұсынамыз. Шаңсорғышты кідірту және
өшіру үшін іске қосу/тоқтату түймесін (32) қайтадан
басыңыз.
Электр жетегі бар щетканы қолдану
Өнім тік қалыпта тұрмаған кезде, күштеп сору және
айналатын щетка жұмыс істейді. Шаңсорғышты
кідірту үшін іске қосу/тоқтату түймесін (32)
қолданыңыз Осы өнім тұрақ қалпында болғанда,
Іске қосу және кідірту функциясы айналатын
щетканы өшіріп, сору қуатын қосылған күйде
ұстайды. Бұл қалыпта қысқыштағы (17) басқа
керек-жарақтарды қолдануға болады.
Шаңсорғышты тұтқасынан (Е) ұстап қолданған
жағдайда
Ол электр жетегі бар щеткамен тазалауға
келмейтін жерлерді тазалауға мүмкіндік береді.
1. Керек-жарақ индикаторындағы (27) сырғитын
тұтқаны негізгі корпустың артқы жағына
орналастырыңыз.
2. Тұтқаны сырғыту қысқышын (18) төмен басу
арқылы екі функциялы керек-жарақты (24)
тұтқа жақтауына бекітіңіз.
3. Тұтқаны шешіп алу үшін тұтқаны босату
түймесін (31) басып, оны шығарып алыңыз.
4. Іске қосу/тоқтату түймесін (32) басыңыз және
құрылғыны іске қосу үшін электрондық қуат
реттегішін (33) басыңыз.
МҮМКІНДІКТЕР
Электрондық қуат реттегіші
Негізгі корпустағы осы түйме (33) басылғанда сору
күші циклде жұмыс істейді (орташа -> макс. -> мин.
-> орташа). Соның арқасында қажетті сору күшін
орнату мүмкін болады.
Ультракүлгін жарық
УК жарығы (бар болса) (4) ультракүлгін
жарықпен залалсыздандыру функциясы, щетка
жерден шаңды әдеттегідей жинап тұрған кезде,
УК шамы жанып, антисептикалық функция жұмыс
істейді. Щетка көлденең бетке тимеген жағдайда,
УК жарығы сөндіріледі. УК жарығын ауыстыру үшін
ең жақын Өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Hepa сүзгісі
Бұл модельде Аса таза Нера сүзгісі бар. Аса таза
Нера сүзгісі аллергендерге қарсы максималды
қорғау деңгейін және жоғары ауа сапасын
қамтамасыз етеді, себебі құрылғыдан шығарылған
ауа шаң/ұнтақ қалдықтарынан толығымен
тазартылған болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Шаңсорғышты тазаламас немесе оған қызмет
көрсетпес бұрын, ол розеткадан ажыратылғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны, оның ішкі бөліктерін
және қосымшаларды тазалау үшін әсері күшті
немесе абразивті заттарды қолданбаңыз. Тазалау
үшін құрғақ не сәл дымқыл жұмсақ шүберек
қолданыңыз. Құрылғыны қайта қоспас бұрын
құрылғы мен оның барлық бөлшектері құрғақ
екеніне көз жеткізіңіз. Сүзу өнімділігін қалпына
келтіру үшін сүзгіні кем дегенде 6 айда бір рет
тазалап тұрған жөн. Қайтсе де, максималды
өнімділікті қамтамасыз ету үшін сүзгіні кем дегенде
жыл сайын ауыстырған жөн. Шаңсорғышты
әрдайым сүзгісін орнатып қолданыңыз.
Шаң сауытын тазалау
Шаң сауытын жүйелі тазалап отыру үшін келесі
процедураны ұстаныңыз (G):
1. Шаң сауытын босату түймесін (6) басып, шаң
сауыты жинағын (7) шығарып алыңыз.
2. Шаң сауыты жинағын тік күйде, қақпағын
төмен қаратып ұстаңыз.
3. Шаң сауыты қақпағындағы құлыпты (16)
басып, шаң сауыты контейнерін (15) ашыңыз.
4. Шаң сауытын босатыңыз.
5. Шаң сауытының қақпағын «тық» еткен дыбыс
естілгенше жауып, қайтадан негізгі корпусқа
орнатыңыз.
Қалған кірді кетіру мақсатымен шаң сауыты
контейнерін жуу үшін мына әрекеттерді орындау
керек (G, H):
1. Шаң сауыты контейнерін жумас бұрын, оны
босатқаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Шаң сауытын ашу үшін, мотор қақпағының
(11) артындағы бұранданы шаң сауытындағы
(15) құлыпты ашу белгісіне дәлдеңіз, жоғарғы
шаң сауытын суретте (G) көрсетілгендей
бұраңыз.
3. Мультициклондық сүзгіні (13) шығарып
алыңыз.
Vue de la page 65
1 2 ... 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 ... 87 88

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire